Қазақстандық спортшы алғашқы кездесуін чехиялық Линда Носковаға қарсы өткізеді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін WTA қорытынды турнирі қарсаңында денсаулығына байланысты баспасөз мәслихатын кейінге шегерді.
Әлемнің бірінші ракеткасының журналистермен кездесуі жергілікті уақыт бойынша жұма күні кешке жоспарланған еді. Алайда баспасөз мәслихаты сенбіге ауыстырылды. Журналист Шэд Пауэрстің мәліметінше, бұған теннисшінің ауырып қалуы себеп болған. Әзірге Рыбакинаның денсаулығына қатысты өзге ақпарат жарияланған жоқ.
Қазақстандық спортшы турнирдегі алғашқы кездесуін 8 қарашадан 9 қарашаға қараған түні чехиялық Линда Носковаға қарсы өткізеді.
Егер қазіргі чемпион Рыбакина жарыстан бас тартуға мәжбүр болса, оның орнына украиналық Марта Костюк қатысады.