Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Оразбек Асылқұлов ресейлікті жеңіп, финалда бокстасады

11.12.2025, 22:47

Ол - жартылай финалда сүрінбей өткен үшінші боксшы. 

Оразбек Асылқұлов ресейлікті жеңіп, финалда бокстасады
ҚР ҰОК

Қазақстандық тағы бір боксшы Оразбек Асылқұлов Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына өтті.

57 келінің өкілі жартылай финалда ресейлік Андрей Пегливанянды жеңді.

Естеріңізде болса, жартылай финалға жолдама беретін айқаста Асылқұлов Испания боксшысы Карлос Мартинес Бернардомен күш сынасты. Үш раундтық кездесу қазақстандық спортшының толық басымдығымен өтіп, Оразбек сенімді түрде жеңіске жетті. Ал 1/8 финалда ол Эсватини елінің өкілі Мукело Дламинді жекпе-жектің алғашқы 22 секундында нокаутқа жіберіп, сенсациялық жеңіске жеткен болатын.

Асылқұлов – 2024 жылғы Азия чемпионатының күміс медаль иегері.

IBA әлем чемпионаты 3 желтоқсанда Дубайда басталды. Жалпы жүлде қоры 8,32 миллион долларды құрайтын дүбірлі додаға әлемнің 118 елінен спортшылар қатысуда. Финал 13 желтоқсанда өтеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам