Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Абылайхан Жүсіпов тұңғыш рет әлем чемпионы атанды

13.12.2025, 20:28

Бұл - құрамадағы үшінші алтын. 

Абылайхан Жүсіпов тұңғыш рет әлем чемпионы атанды
ҚР ҰОК

Қазақстан қоржынына үшінші алтын медаль түсті.

71 келіде ел намысын қорғаған Абылайхан Жүсіпов финалда ресейлік Сергей Колденковті жеңді.

Осылайша, Жүсіпов тұңғыш рет чемпион атанып отыр. Бұған дейін үш рет қола жүлдегер атанған.

Ол турнир барысында бірнеше мықты қарсыласты, соның ішінде қырғызстандық Ихтияр Нишановты айқын басымдықпен ұтты.

Бұл еліміздің үшінші алтыны. Бұған дейін 54 келідегі Сәкен Бибосынов пен 57 келідегі Оразбек Асылқұлов жеңіске жетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам