Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Оразбек Асылқұлов тұңғыш рет әлем чемпионы атанды

13.12.2025, 19:24

Бұл - финалдағы екінші жеңіс. 

Оразбек Асылқұлов тұңғыш рет әлем чемпионы атанды
ҚР ҰОК

Қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының финалында тамаша өнер көрсетіп, әлем чемпионы атанды.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе-жекте отандасымыз тәжікстандық Хусравхон Рахимовпен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған айқаста Асылқұлов толық басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) жеңіске жетті.

Жекпе-жектен кейін әлем чемпионы әсерін бөлісті:

Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Қолдау білдірген барша қазақ жанкүйеріне алғыс айтамын. Айқас оңай болған жоқ. Үшінші раундта бастан соққы алдым, бірақ аяқта қозғалып, бар күшімді салдым. Алла жар болып, әлем чемпионы атандық. Баршаңызға рахмет! - деді Оразбек.

Осылайша, Оразбек Асылқұлов әлем чемпионатының алтын медалін қанжығасына байласа, Рахимов турнирді күміс жүлдемен аяқтады. Бұл - Қазақстан құрамасының Дубайдағы әлем біріншілігіндегі екінші алтын жүлдесі. Бұған дейін 54 келі салмақта Сәкен Бибосынов та әлем чемпионы атанған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам