Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

Дулат Бекбауов өзбек боксшысын ауыр нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

20.12.2025, 22:38

бокс кешінің басты оқиғасы – Елшат Нығметолла мен филиппиндік Алвин Камике арасында өтетін жекпежек болады

Дулат Бекбауов өзбек боксшысын ауыр нокаутпен жеңді (ВИДЕО)
Қазақстан бокс федерациясы

Алматыда өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінде жартылай орта салмақтағы Дулат Бекбауов (1-0, 1 КО) Өзбекстаннан келген Хасанбой Мирзахамраевты (3-5, 2 КО) ауыр нокаутпен жеңді.

Айта кету керек, бұл – Бекбауовтың кәсіпқой бокстағы дебюттік кездесулерінің бірі. Әуесқой бокста ол әлем чемпионатының (2023 жыл) күміс жүлдегері атанған.

Алты раундқа жоспарланған жекпе-жек небәрі үшінші раундта аяқталды. Оның алдында өзбек боксшысы екі рет нокдаун алып, әбден әлсіреген болатын.

Айта кетейік, Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде Дулаттан басқа да қазақ боксшылары бағын сынады. Алғашқы ауыр салмақта Еділ Қожамбердиев (16-2, 16 КО) WBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын түрік Фатих Келешпен сарапқа салып, төртінші раундта нокаупен жеңіске жетті.

Екінші жеңіл салмақта өнер көрсеткен Қанат Саңғыл болса (8-0, 4 КО) филиппиндік Брайан Кабрильосты (7-1-1, 4 КО) төрешілер шешімімен жеңді.

Аталған бокс кешінің басты оқиғасы – Елшат Нығметолла (21-0-2, 8 КО) мен филиппиндік Алвин Камике (11-4, 6 КО)арасында өтетін жекпежек болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам