Ерсін Ерік «Реалды» қор қылды. Тауық сойса да қасап сойсын. Саусақ пен тіл үйлескенде…

«Осымен бәрі бітті». Бокс сарапшысы Әлімханұлымен енді ешкім жекпе-жекке шықпайтынын айтты

Бүгін, 13:33

Жекпе-жегіне кім ақша төлейді?

«Осымен бәрі бітті». Бокс сарапшысы Әлімханұлымен енді ешкім жекпе-жекке шықпайтынын айтты
ФОТО: Getty images

Бокстан танымал Broadway Joel YouTube-арнасының авторы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының болашағына күмәнмен қарайтынын айтты.

Бокс шолушысының пікірінше, соңғы допинг дауы Жәнібек Әлімханұлының мансабына айтарлықтай кері әсер етуі мүмкін.

«Жәнібек онсыз да аса танымал боксшы емес еді, енді оның үстіне екі чемпиондық белбеуінен айырылуы мүмкін. Егер Эрисланди Лараны жеңгенде бәрі басқаша болар еді. Орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы болу үшін Карлос Адамеспен, одан соң тіпті Теренс Кроуфордпен жұдырықтасу мүмкіндігі болар еді. Ал қазір ешкімге керек. Титулсыз, даудан кейін оны кім көргісі келеді, жекпе-жегіне кім ақша төлейді?» – дейді автор.

Сарапшының айтуынша, допинг дауы тек спорттық емес, коммерциялық тұрғыдан да Әлімханұлының беделіне соққы болып отыр.

Айта кетейік, қазіргі таңда тергеу жұмыстары жалғасып жатқанымен, Жәнібек Әлімханұлы әлі де орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы болып саналады. Ресми шешім шыққанға дейін оның чемпиондық мәртебесі сақталады.

Жанкүйерлер мен мамандар енді бұл істің қалай аяқталатынын және оның қазақстандық боксшының мансабына қалай әсер ететінін тағатсыздана күтуде.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам