Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Өткелде ат ауыстырмайды: танымал промоутер Кеңес Рақышевтың отставкасын қолдамады

05.02.2024, 16:39

Танымал бокс промоутері Болат Манкеев Қазақстан бокс федерациясы басшылығының ауысуына қатысты пікір білдірді. Ол Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Кеңес Рақышевтің қызметтен кетуін қолдамайтынын айтқан.

Өткелде ат ауыстырмайды: танымал промоутер Кеңес Рақышевтың отставкасын қолдамады
Туризм және спорт министрлігі

Айта кетейік, 5 ақпанда Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев отставкаға кетіп, оның орнына Шахмұрат Мүтәліп сайланды.

«Салаға аса қатысы жоқ адамның басшы болып тағайындалғанын әлі түсіне алар емеспін. Түсінем, ол – мықты кәсіпкер, экономист, бірақ боксты білетін адамды әкелу керек еді. Таныстарымның бәрінен сұрап шықтым, оны ешкім танымайды екен. Ол мықты маман және жақсы командасы бар деп үміттенем. Сондай-ақ, Кеңес Рақышевтың ізбасары деп ойлаймын. Мен осыған үміттенем. Бірақ, кез келген жанашыр ретінде алаңдап отырмын. Олимпиада ойындарына санаулы уақыт қалды, ал бұлар басшылықты ауыстырып отыр. Өткелде ат ауыстырмайды дейді емес пе?! Басшылықты ауыстырғысы келсе Олимпиада ойындарынан кейін ауыстыру керек», - деді Манкеев.

Еске салайық, Париждегі жазғы Олимпиада ойындары биыл 26 шілдеде басталып, 11 тамызда аяқталады. Қазақстандық боксшыларда әзірге тек екі ғана жолдама бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам