Бір-бірімізді қолдауымыз керек
Дубайда өткен әлем чемпионатында көпшіліктің назарын аударған боксшылардың бірі – Өзбекстан сапында өнер көрсететін қазақ баласы Арман Маханов. Спортшының жеке бапкері Нұрсұлтан Бөріханов 1bol.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында екі елдің боксы туралы айтты.
– Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бокс бәсекелестігіне көзқарасыңыз қандай?
– Өз басым екі елдің спортшыларын бір-біріне қарсы қою дегенді түсінбеймін. Мүлде дұрыс емес. Біз – бір халықпыз. Бір-бірімізді қолдауымыз керек. Спортшылардың арасында ешқандай араздық жоқ. Бірақ соңғы кездері диванда отырып алып, артық сөз айтатындар көбейіп кеткен.
– Соңғы он жылдағы Өзбекстан боксының тұрақты жетістігінің сыры неде?
– Бұл – ұжымдық жұмыс. Әркім өз міндетін атқарады: массажист – массажын, дәрігер спортшының денсаулығын қадағалайды. Ең бастысы – бас бапкер жас бапкерлердің де пікірін тыңдайды.
– Спортшыларға жасалған жағдай қалай?
– Жағдайды нәтиже көрсетеді. Қалғанын сол жетістіктерден-ақ байқауға болады.