Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Елеусінов әлем чемпионатының күміс жүлдегерімен спарринг өткізді

29.12.2025, 23:26

Екеуі шаршы алаңда жұдырықтасты.

Елеусінов әлем чемпионатының күміс жүлдегерімен спарринг өткізді
instagram.com/yeleussinovdaniyar

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов әлеуметтік желіде видео жариялап, көпшілікті қуантып қойды.

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының чемпионы АҚШ-тан оралғалы Қазақстанда жаттығуын жалғастырып жүр. Елеусінов Instagram парақшасында спарринг сәтінен видео жариялап, 2025 жылғы IBA әлем чемпионатының күміс жүлдегері Сабыржан Аққалықовпен жұдырықтасқанын көрсетті.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа 2017 жылы ауысып, мансабын АҚШ-та жалғастырып жүрген. Оның Америкадағы алғашқы жекпе-жегі 2018 жылғы 28 сәуірде Нью-Йорк қаласында өтті. Ол кезде қазақстандық боксшы жергілікті Ноа Киддті үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Биыл желтоқсан айының басында Елеусінов Қазақстанға қайта оралды.

Ал Сабыржан Аққалықов желтоқсан айының басында Дубайда өткен IBA әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Жерлесіміз 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шығып, ресейлік Исмаил Муцольговқа жол берді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам