Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Жәнібек Әлімханұлы үшін жағымсыз жаңалық айтылды

Бүгін, 11:40

Бәрі 8 қаңтарда анықталады.

Жәнібек Әлімханұлы үшін жағымсыз жаңалық айтылды
©instagram.com/nolimit_aus

Қазақстандық боксшы, орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы күндері бір немесе екі чемпиондық титулынан айырылуы ықтимал. Бұл туралы LDUBB Boxing YouTube-арнасының авторы әрі инсайдер Буг Уильямс мәлімдеді.

Айта кетейік, желтоқсан айында алынған допинг-сынаманың нәтижесі Әліханұлының ағзасынан тыйым салынған мельдоний препаратының табылғанын көрсеткен. Енді 8 қаңтарда «B» сынамасы ашылуы тиіс. Егер оның нәтижесі де оң болса, онда «Қазақ стиліне» қатысты тәртіптік шаралар қолданылуы мүмкін.

Уильямстың жазбасына пікір білдірген оқырмандардың бірі мұндай жағдайда IBF ұйымы өзіне тиесілі, қазір бос тұрған чемпиондық белбеуді 31 қаңтарда өтетін WBC чемпионы Карлос Адамес пен Остин Уильямс арасындағы жекпе-жекке тігуі мүмкін екенін болжады. Бұған жауап ретінде инсайдер:

«Көре жатармыз. Бірақ Жәнібек келесі аптада титулынан айырылуы мүмкін», - деп жазды.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлының допинг-сынама нәтижесіне байланысты 7 желтоқсанда АҚШ-та Эрисланди Ларамен үш чемпиондық белбеу үшін жоспарланған жекпе-жегі өтпей қалған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам