Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлының қандай шешім қабылдағаны белгілі болды

03.01.2026, 11:01

Боксшы сынама нәтижесін әлі күтіп отыр

Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлының қандай шешім қабылдағаны белгілі болды
Top Rank

Boxingscene.com сайты орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының жағдайына тоқталды. Портал «Б» сынамасында да тыйым салынған препарат анықталған жағдайда, боксшы үшін оның салдары қандай болатынын алға тартты.

Желтоқсан айында Жәнібектен алынған допинг-сынамадан тыйым салынған мельдонийпрепараты анықталғаны белгілі болды. Осыған байланысты WBO ұйымы ішкі тергеу бастаған, ал 7 желтоқсанға жоспарланған Әлімханұлы мен WBA чемпионы Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек кейінге қалдырылған еді. Енді «Қазақ стилі» «Б» сынамасының нәтижесін күтуде.

BoxingScene мәліметінше, Жәнібек пен оның командасы екінші сынаманың ашылуы мен талдану рәсіміне тікелей қатысады. 

"Бұл процедура 8 қаңтарға белгіленген. Осы талдаудың қорытындысына қарай аталған іс бойынша қандай шешім қабылданатыны нақтыланбақ.

Допинг сынамасының алғашқы нәтижесі қолайсыз болған жағдайда спортшы «Б» сынамасын тексеруді талап етуге құқылы. Алайда тәжірибеде екінші сынаманың нәтижесі алғашқысына қайшы келетін жағдайлар өте сирек кездеседі.

Соған қарамастан, бокс тарихында сынаманың ластануы немесе оны сақтау мен тасымалдау барысында жіберілген қателіктер дәлелденіп, спортшылар ақталған кездер де болған.

Қазіргі таңда Жәнібек Әлімханұлының тағдыры тергеу жүргізіп жатқан тараптардың шешіміне тікелей байланысты. Егер ол өзінің кінәсіз екенін дәлелдей алмаса, IBF және WBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылып, дисквалификация қаупі күн тәртібінде тұр", – деп жазды сайт.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам