Нұрсұлтан Құрман, Ермұхамед Мәулен және Олжас Байбосын! Жаңа ЖБ Шоу!

Жол апатына ұшыраған Энтони Джошуаға қатысты жаңа мәліметтер жария болды

03.01.2026, 18:23

Оқиға Нигериядағы автожолдың бірінде болған

Жол апатына ұшыраған Энтони Джошуаға қатысты жаңа мәліметтер жария болды
Getty images

Британ боксшысы Энтони Джошуа жол апатына түскен көліктің жүргізушісінде жүргізуші куәлігі болмағаны мәлім болды. Бұл туралы Sky Sports басылымы жазды.

Оқиға Нигериядағы автожолдың бірінде болған. Lexus маркалы жол талғамайтын көлігі жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылған. BBC дерегінше, көлік жылдамдықты шамадан тыс асырып, соның салдарынан жүргізуші рөлге ие бола алмай, апатқа ұшыраған.

Жол-көлік оқиғасынан боксшының екі жақын досы Сина Гами мен Айоделе қаза тапты. Энтони Джошуа түрлі жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілген. Кейін ол сәрсенбі күні ауруханадан шығарылды.

Жұма күні сот 46 жастағы жүргізуші Аденийи Моболаджи Кайодеге бірден төрт бап бойынша айыптады. Атап айтқанда, адам өліміне әкелген қауіпті көлік жүргізу, абайсыз және жауапсыз әрекет, қажетті сақтықты сақтамау, сондай-ақ жарамды жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару деректері тіркелген. Іс бойынша келесі сот отырысы 20 қаңтарға белгіленген.

36 жастағы Энтони Джошуаның түбі нигериялық. Ол Уотфордта дүниеге келген, балалық шағының бір бөлігін Нигерияда өткізген. Кәсіпқой бокста 33 жекпе-жек өткізіп, оның 29 жеңіске жетсе, 4 рет есе жіберді. Джошуа IBF, WBA, WBO және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған. Ол соңғы жекпе-жегін 19 желтоқсанда өткізіп, қарсыласын нокаутпен жеңген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам