Ол соңғы рет шаршы алаңға былтыр сәуір айында шыққан.
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 KO) кәсіби мансабындағы келесі жекпе-жегінің уақытын жариялады.
Жеңіліс көрмеген «Soldat Q» келесі кездесуін ақпан айында АҚШ-та өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ахмедов өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді. Лос-Анджелестегі жаттығу жиынынан бірнеше сурет жариялаған боксшы: «Ақпанда жолығамыз» деп жазды. Әзірге оның қарсыласының есімі нақтыланған жоқ.
Айта кетейік, Садриддин Ахмедов 22 қараша күні АҚШ-тың Лонг-Бич қаласында өткен бокс кешінде мексикалық Эдгардо Веласкеспен (16-2, 16 KO) жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда бұл жекпе-жек белгісіз себептермен өтпей қалды.
Ахмедов соңғы рет шаршы алаңға былтыр сәуір айында шықты. Ол кезде қазақстандық боксшының мексикалық Элиас Эспадаспен (23-7-1, 16 KO) айқасы тең аяқталды.