Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Бокстан лицензиялық жарысқа кімдер барады?

08.02.2024, 13:47

Италиядағы іріктеу турнирі 29 ақпан пен 12 наурыз аралығында өтпек

Бокстан лицензиялық жарысқа кімдер барады?
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Париж Олимпиадасының лицензиялық турниріне баратын Қазақстан спортшыларының есімі белгілі болды. Бас бапкері Мырзағали Айтжанов Италияда өтетін әлемдік лицензиялық турнирге баратын спортшыларды атады. 

Олар: Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі).

«Бұл Италияда өтетін турнир биылғы жылғы лицензия тарататын алғашқы жарыс. Мен Қоңқабаевтан басқа боксшымды алып бара жатырмын. Басты мақсатымыз – барынша көбірек жолдамаға қол жеткізу. Жалпы Италияда 49 жолдама сарапқа салынады. Одан кейін Тайландта өтетін лицензиялық турнир бар. Осы екі турнирден толық жолдама алуды көздеп отырмыз», - деді бас бапкер Мырзағали Айтжанов Қазақпаратқа берген жауабында.

Әзірге Қазақстан ерлер құрамасына тиесілі жалғыз жолдама бар. Оны 2023 жылғы жазғы Азия ойындарында аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев иеленген еді. 

Италиядағы іріктеу турнирі 29 ақпан пен 12 наурыз аралығында өтпек.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам