Жаңа шығарылым! Өз қақпасына гол соғып, оңбай қателескен футболшылар

Артаевқа Вэлл Баркер кубогы қайта табысталмақ

08.02.2024, 16:30

Қазақстан тарихында аталған кубокті үш боксшы иеленген

Артаевқа Вэлл Баркер кубогы қайта табысталмақ
instagram.com/bakhtiyar_artayev

Бақтияр Артаевқа Вэлл Баркер кубогы қайта табысталады. Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов мәлімдеді.

Айта кетейік, бокстан Афины олимпиадасының чемпионы Артаев 2021 жылы Сербиядағы әлем чемпионатында өзіне тиесілі Баркер кубогін Халықаралық бокс федерациясына сыйлап жіберген болатын.

«2021 жылы Артаевқа Баркер кубогінің сапалы көшірмесі жасалып, қайта берілетіні айтылған. Міне, сол уәде араға ұзақ уақыт салып, енді орындалайын деп жатыр», - деп жазды А.Қаженов өзінің Instagram-парақшасында.

Вэлл Баркер кубогі Олимпиада ойындарында 1936 жылдан бастап ең үздік боксшыға беріліп келген. Кубок әр Олимпиада сайын қолдан қолға, яғни жаңа иесіне өтіп отырған. Алайда, 2004 жылы ІВА (бұрынғы АІВА) Артаевқа кубокты табыстаған соң жаңа нұсқасын дайындау туралы шешім қабылдаған. Осылайша ескі кубок отандасымыздың иелегінде қалған еді.

«Құнды сыйлық ұзақ келіссөздерден кейін халықаралық бокс федерациясына берілді. Біреу білсе, біреу білмес, наурызда Астанада Бақтияр Артаев жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді. Міне, осы бокс бәсекесіне дейін әлгі көшірме дайын болады деген үміттеміз. Халықаралық бокс федерациясының да мақсаты осы. Сәйкесінше, ашылу салтанатында ресми табысталмақ. Ал, енді оны кім әкеліп беретіні әзірге жұмбақ болып қала тұрсын», - деп жазды журналист.

Айта кетейік, Қазақстан тарихында үш боксшы Вэлл Баркер кубогіне ие болған. Олар: Василий Жиров (1996 ж., Атланта), Бақтияр Артаев (2004 ж., Афины), Серік Сәпиев (2012 ж., Лондон).

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам