Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Сабыржан Аққалықов»: өзбекстандық әлем чемпионы басты қарсыласын атады

27.01.2026, 20:44

Екеуі былтыр әлем чемпионатында кездесуі тиіс болған. 

«Сабыржан Аққалықов»: өзбекстандық әлем чемпионы басты қарсыласын атады
caravan-info.uz

Бокстан әлем чемпионы өзбекстандық Фазлиддин Эркинбоев халықаралық аренадағы басты қарсыласы кім екенін айтты.

– Алдағы халықаралық турнирлерде өзіңіздің басты қарсыласыңыз деп кімді атар едіңіз?

– Халықаралық жарыстарда әлсіз қарсылас болмайды. Дегенмен бір спортшыны бөліп-жарып айту керек болса, қазақстандық Сабыржан Аққалықовты айтар едім, – деді Эркинбоев Boxing Uzbekistan Telegram-арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Сабыржан Аққалықов пен Фазлиддин Эркинбоев IBA-дің ұйымдастыруымен Дубайда өткен әлем чемпионатының жартылай финалында кездесуі тиіс болған. Алайда өзбекстандық боксшы жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Нәтижесінде қазақстандық спортшы финалға жолдама алып, шешуші кездесуде ресейлік Исмаил Мугольцевке жол берді. Осылайша, Сабыржан күміс жүлдені қанағат тұтты.

Еске салайық, былтыр Фазлиддин Эркинбоев World Boxing ұйымы аясында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам