Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Өзбекстанда туған тағы бір этникалық қазақ боксшысы Қазақстан азаматтығын алатын болды

Бүгін, 14:55

Саят Ілиясов бұған дейін Өзбекстан құрамасында табысты өнер көрсеткен

Өзбекстанда туған тағы бір этникалық қазақ боксшысы Қазақстан азаматтығын алатын болды
Өзбекстан бокс федерациясы

Өзбекстан құрамасының сапында өнер көрсетіп жүрген қандасымыз Саят Ілиясов енді Қазақстан атынан шаршы алаңға шығады. Бұл туралы Sportministri арнасы хабарлады.

Саят Ілиясов бұған дейін Өзбекстан құрамасында табысты өнер көрсеткен. Ол 2022 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері, ал 2025 жылы 22 жасқа дейінгі Азия біріншілігінің чемпионы атанған. Аталған турнирдің 60 келі салмақ дәрежесіндегі финалында Ілиясов қазақстандық Илья Калининді жеңген болатын.

Енді боксшы Қазақстанның ішкі біріншілігінде Маңғыстау облысының атынан сынға түседі. Сондай-ақ оның Қазақстандағы жеке бапкері ретінде Марат Жакиевтің есімі аталып отыр.

Бұдан бөлек, наурыз айында «Adal» промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын кәсіпқой бокс кешінде Саят Ілиясовтың кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегін өткізетіні туралы да ақпарат бар.

Айта кетейік, Саят Ілиясов Өзбекстанда дүниеге келген. Қандасымыздың тарихи отанына оралып, Қазақстан намысын қорғауы – отандық бокс үшін маңызды жаңалық.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам