Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Допинг дауына ұшыраған Саматәлі Төлтаев кәсіпқой боксқа ауысып кетті

09.02.2024, 14:54

Ол әуесқой бокстан 2026 жылға дейін шеттетілген

Допинг дауына ұшыраған Саматәлі Төлтаев кәсіпқой боксқа ауысып кетті
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Саматәлі Төлтаев кәсіпқой бокста бақ сынайды. Ол 18 ақпан күні Стамбұл қаласында өтетін бокс кешінде түрік боксшысымен жекпе-жек өткізеді. 

BoxRec.com сайтының жазуына, оның қарсыласы Рефик Тархан (3-3, 1 КО) болмақ. Ал аталған сын жартылай орта салмақ дәрежесінде төрт раундқа жоспарланып отыр. 

Ұзақ жылдар бойы ұлттық құрамада өнер көрсеткен Саматәлі Төлтаев 60 келі салмақта айтулы жетістіктерге қол жеткізді. Мәселен, жастар арасында бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы (2017), Қазақстан чемпионы (2020), 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атады.

Былтыр наурыз айында допингке қарсы ұлттық орталық жарыстан тыс талдама қорытындысы бойынша Саматәлінің қан құрамынан оралтуринабол тапқан болатын. Соның салдарынан ол 2026 жылдың 31 наурызына дейін Ұлттық құрама сапында жарыстарға қатысу құқығынан айрылды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам