Канелоға қарсылас болатын бес боксшының аты аталды: қатарында Жәнібек Әлімханұлы бар

Qazaq Style 2027 жылдың қаңтарында даниялық Якоб Банкпен жұдырықтасады

Getty Images
Getty Images

Мексикалық даңқты боксшы Сауль Альварестің бүгінгі жеңісінен келесі қарсыластары туралы болжам жасалды. «Канело» алдағы уақытта екінші орта салмақтағы ТОП-5 боксшының бірімен жұдырықтасуы мүмкін. Олардың қатарында қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы да бар.

Еске салайық, 1 қарашаға қараған түні Сауль Альварес франциялық боксшы Кристиан Мбиллимен рингке шығып, жеңіске жеткен болатын. Осылайша ол WBC чемпиондық белбеуін иеленді. Осыдан кейін Fighter Channel басылымы мексикалықтың келесі қарсыластары туралы болжамын жариялады.

«Канелоға» қарсы тұруы мүмкін бес боксшының алғашқысы – британдық Хамза Шираз (WBO экс-чемпионы), тізімде одан кейін аргентиналық Лестер Мартинес (WBC уақытша чемпионы) тұр. 

Ал, Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банк арасындағы жекпе-жекте қай жеңгені WBO тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуге таласады. Оны жеңсе Альвареске жол ашық.

Сонымен қатар, IBF белбеуінің қазіргі иегері – кубалық Ослеис Иглесиас та келер жылдың көктемінде Сауль Альвареспен жұдырықтасуы мүмкін.

Тізімнің соңғы сатысында америкалық даңқты боксшы Теренс Кроуфорд тұр. Былтыр «Канело» одан жеңілген болатын. Жеңіліп қана қоймай, барлық төрт белбеуінен де айрылды. Енді реванш алуға әрекет жасауы мүмкін. Дегенмен, жуырда ғана Кроуфорд кәсіпқой бокспен қоштасатынын мәлімдеген еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам