Қазақстанда футбол деңгейі нөл. Айболдың “крышасы” кім? Шалдар, кетіңдер!

Саматәлі Төлтаевтың неліктен кәсіпқой боксқа ауысқаны белгілі болды

10.02.2024, 20:44

Ол әуесқой бокстан допинг қолданғаны үшін ұзақ уақытқа шеттетілген болатын

Саматәлі Төлтаевтың неліктен кәсіпқой боксқа ауысқаны белгілі болды
olympic.kz

Допинг қолданғаны үшін 2026 жылға дейін бокстан шеттетілген Саматәлі Төлтаевтың кәсіпқой боксқа ауысқанын бұған дейін жазған болатынбыз. Спортшының менеджері Жанпейіс Назарғали 1bol.kz тілшісіне оның неліктен мұндай қадамға барғанын түсіндірді.

«Өздеріңізге белгілі, былтыр Саматәлі Төлтаевтың сынамасынан допинг табылып, 2023 жылғы қаңтар айынан бастап үш жылға әуесқой спорттан шеттетілді. Міне, бір жыл уақыт өткен соң кәсіпқой боксқа өтіп жатқан жайы бар. Кәсіпқой боксқа өту үшін допинг табылған кезден бастап кем дегенде 6 ай уақыт өткен соң тағы да анализ тапсыруы тиіс. Саматәлі қараша айында допингке анализ тапсырып, сынамасы таза шықты. Содан бастап жаттығуға қайта кірістік. Бұйырса 18 ақпан күні Түркияның Стамбұл қаласында жергілікті боксшыға қарсы дебюттік кездесу өткіземіз», - деді Жанпейіс Назарғали.

Қазақстандық менеджер өз сөзінде боксшының тиіс ережені сақтап отырғанын алға тартты.

«Саматәлі кәсіпқой боксқа өту үшін барлық ережені сақтағанын баса айтқым келеді. Бір жыл күтті, сынамасы таза шықты. Енді еш кедергі болмауы тиіс. Бокс тарихында сынамасынан допинг табылып, кейін кәсіпқой бокста өнер көрсеткендігі туралы мысал жеткілікті. Мәселен, Миша Алоян, Бектемір Меликузиев секілді спортшыларды атап өтсем жеткілікті болар», - деді ол.

Саматәлі Төлтаев әуесқой бокста 60 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған еді. Ол жастар арасында бокстан әлем чемпионатының финалисі, Азия чемпионы (2017), Қазақстан чемпионы (2020), 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам