Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінде көш бастап тұр

Бүгін, 10:01

Ол шаршы алаңға 2023 жылы шыққан.

Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінде көш бастап тұр
©Main Events

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) WBC тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы атағына басты үміткерлердің бірі атағын сақтап қалды.

Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) жаңартылған рейтингінде отандық былғары қолғап шебері орта салмақ дәрежесіндегі бірінші орнын сақтап қалды. Қазіргі таңда бұл салмақта чемпиондық белбеу доминикандық боксшы Карлос Адамеске тиесілі.

Айта кетерлігі, Нұрсұлтанов - WBC рейтингінің топ-15 тізіміне енген Қазақстаннан шыққан жалғыз боксшы.

Мейірім Нұрсұлтанов соңғы рет шаршы алаңға 2023 жылдың қараша айында шыққан болатын. Сол кезде ол Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен жекпе-жекте чилилік Хулио Аламостыжеңген еді.

Әзірге 32 жастағы қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі көрсеткіші - 20 жеңіс, ол соның 11-і нокаутпен жеңген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам