Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Үш жылдан бері жекпе-жекке шықпаған Мейірім Нұрсұлтанов рейтингте бірніші орында тұр

Бүгін, 13:06

Қазақстаннан жалғыз боксшы болып отыр

Үш жылдан бері жекпе-жекке шықпаған Мейірім Нұрсұлтанов рейтингте бірніші орында тұр
ФОТО: Getty images

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы үздік үміткерлер рейтингінде көш бастап тұр.

Жаңартылған рейтингте жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы бірінші орнын сақтап қалды. Қазіргі уақытта бұл салмақтағы чемпиондық белбеу доминикандық боксшы Карлос Адамеске тиесілі.

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің алғашқы он бестігіне енген Қазақстаннан жалғыз боксшы болып отыр.

Қазақстандық спортшы соңғы рет шаршы алаңға 2023 жылдың қараша айында шыққан болатын. Сол жекпе-жекте ол Ташкент қаласында (Өзбекстан) чилилік боксшы Хулио Аламосты жеңген еді.

32 жастағы Мейірім Нұрсұлтановтың кәсіби мансабында 20 жеңіс бар. Оның 11-і нокаутпен аяқталған. Әзірге ол жеңіліс көрген жоқ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам