Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Биволдың шаршы алаңға қашан оралатыны анықталды

Бүгін, 12:41

Ол бұған дейін операция жасатқан еді.

Биволдың шаршы алаңға қашан оралатыны анықталды
Al Bello/Getty Images

Жартылай ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Дмитрий Биволдың рингке қашан оралатыны белгілі болды.

Бивол Артур Бетербиевпен өткен реваншта жеңіске жетіп, абсолютті чемпион атанған соң, екеуара трилогия Сауд Арабиясында ұйымдастырылады деп жоспарланған еді. Алайда ресейлік боксшы алдымен ескі жарақатын емдеу туралы шешім қабылдап, беліндегі жарақатына байланысты операция жасатқан. Спортшының қалыпқа келу процесі шамамен жарты жылға созылды.

Қазір Дмитрий Бивол толық айығып, шаршы алаңға қайта оралуға дайын. Оның келесі қарсыласы IBF тұжырымы бойынша міндетті үміткер саналатын германиялық Майкл Эйфертболуы мүмкін. Боксшылардың командалары арасындағы келіссөздер бірнеше рет кейінге шегерілгенімен, соңғы мәліметтерге қарағанда, тараптар ортақ келісімге келген.

Source of Boxing дерегінше, бұл жекпе-жек 23 мамырда Мысырдың Гиза қаласындағы пирамидалардың маңында өтетін үлкен бокс кешінің андеркардында ұйымдастырылмақ. Сол кештің басты айқасында украиналық Александр Усик пен Нико Верховен кездеседі.

Егер Бивол Эйфертті жеңсе, сонан соң Артур Бетербиевпен үшінші жекпе-жек өткізуі мүмкін. Сондай-ақ ол жартылай ауыр салмақтағы WBC чемпионы Дэвид Бенавидеспенжұдырықтасуы да мүмкін деген болжам бар. Бірақ Бенавидес алдымен мексикалық Хильберто Рамиреспен жекпе-жек өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам