Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Хасанбой Дусматов Бішкекте WBA титулы үшін жұдырықтасуы мүмкін

12.03.2026, 12:02

Өзбекстандық пуэрто-рикалық боксшы Джонатан Гонсалес-пен кездесуі ықтимал

Хасанбой Дусматов Бішкекте WBA титулы үшін жұдырықтасуы мүмкін
©t.me/boxinguzbekistan

Өзбекстандық екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов Бішкекте өтетін бокс кешінде жекпе-жекке шығуы мүмкін. 

Ақпаратқа сәйкес, Дусматов WBA нұсқасы бойынша ең жеңіл салмақта уақытша чемпиондық белбеу үшін пуэрто-рикалық боксшы Джонатан Гонсалес-пен кездесуі ықтимал. Жекпе-жек сәуірдің 16-19 аралығында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында өтетін “Сайкулуш” бокс кешінің аясында жоспарланып отыр.

Айта кетейік, Хасанбой Дусматов – 2016 жылғы жазғы Олимпиада және 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы. Сонымен қатар ол қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновты жеңген спортшылардың бірі ретінде белгілі.

Дусматов кәсіби рингтегі соңғы жекпе-жегін өткен жылдың шілде айында дәл осы Бішкекте өткізіп, мексикалық Марк Антонионы төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді. Осылайша ол кәсіпқой мансабында әлі жеңіліс таппаған.

Ал Джонатан Гонсалес кәсіби мансабында 29 жеңіс (14 нокаут) және 4 жеңіліс тіркеген. Ол соңғы рет қаңтар айында Пуэрто-Рикода Янкель Фигуэраны жеңген болатын.

Егер келісім толық жүзеге асса, Бішкектегі жекпе-жек ең жеңіл салмақтағы WBA уақытша чемпиондық белбеуі үшін өтпек.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам