Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақ қызы финалда өзбек боксшысын нокаутқа түсірді

15.03.2026, 10:44

. Жекпе-жек 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті.

Қазақ қызы финалда өзбек боксшысын нокаутқа түсірді
бокс федерациясы

Таиландтың Бангкок қаласында бокстан жастар арасындағы Futures Cup (U-19) турнирі өтіп жатыр. Бұл жарыс World Boxing ұйымының бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылуда.

Финалда Қазақстан атынан өнер көрсеткен Айдана Убайдуллақызы Өзбекстан боксшысы Асалой Бахтиёровамен кездесті. Жекпе-жек 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өтті.

Бірінші раундта қазақстандық спортшы айқын басымдық танытып, қарсыласынан 5:0 есебімен алға шықты. Екінші раундта Айдана Убайдуллақызы бірнеше дәл соққы жасап, қарсыласын нокдаунға жіберді. Көп ұзамай тағы бір ауыр соққыдан кейін өзбекстандық боксшы екінші рет нокдаун алды. Осыдан кейін төреші айқын басымдыққа байланысты жекпе-жекті тоқтатты.

Нәтижесінде Айдана Убайдуллақызы техникалық жеңіске жетіп, Futures Cup турнирінің алтын медалін иеленді. Ал Асалой Бахтиёрова күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, бұл – World Boxing ұйымының бастамасымен өткізілген Futures Cup турнирінің тарихындағы алғашқы чемпиондық атақ. Қазақстан құрамасынан бұл жарыстың финалына барлығы сегіз боксшы шыққан.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам