Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Сәкен Бибосынов алғаш рет WBA титулына таласады

16.03.2026, 18:47

Кездесу сәуірде өтеді.

Сәкен Бибосынов алғаш рет WBA титулына таласады
Сәкен Бибосыновтың жеке парақшасынан

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов кәсіби рингтегі үшінші жекпе-жегін өткізеді. Бұл айқаста ол мансабындағы алғашқы титулға таласады. Бұл туралы sportbugin.kz мәлімдеді.

Әлемнің екі дүркін чемпионы әрі Токио Олимпиадасының жүлдегері бұл жолы индонезиялық Сурия Дхармамен қолғап түйістіреді. Қарсыласының рекорды - 4 жеңіс (3 нокаут).

Бұл жекпе-жекте боксшылар WBA Asia белбеуі үшін таласады. Кездесу 17 сәуір күні Қырғызстан астанасы Бішкекте өтеді.

«Титулдық жекпе-жекке дайынмын. Бұл мен үшін он раундқа жоспарланған алғашқы айқас болады. Қарсыласым өте мықты», - деді Бибосынов.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы дебютін 2025 жылдың 20 шілдесінде Бішкекте өткізген. Ол кезде филиппиндік Кристиан Леганені бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберіп, сенімді түрде жеңіске жеткен еді.

 Екінші жекпе-жегі де Бішкекте өтті. Жергілікті боксшы Адилет Качкынбековке қарсы айқас толық қашықтыққа созылып, қазақстандық спортшы төрешілердің ортақ шешімімен жеңіске жетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам