Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой боксқа ауысу үшін Лондонға аттанды

29.03.2026, 12:44

Ол бокс менеджерлерімен кездесу өткізеді.

Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой боксқа ауысу үшін Лондонға аттанды
Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық танымал боксшы Қамшыбек Қоңқабаев мансабын кәсіпқой бокста жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы спорт журналисі Аян Төлеген мәлімдеді.

Журналистің айтуынша, ол боксшымен әуежайда кездесіп қалған. Сөзінше, Қоңқабаев Лондонға жол тартқан, онда кәсіпқой бокс менеджерлерімен кездесулер өткізу жоспарланған. 

«Қамшыбек Қоңқабаевты әуежайда кездестірдім. Ол Лондонға бет алған екен. Онда кәсіпқой бокс менеджерлерімен кездесулер жоспарланған. Бұл - жақсы жаңалық. Демек, Қамшыбек әлі де бабында, жеңіске деген аштығын жоғалтпаған.

Қамшыбекке сәттілік тілеймін. Әлі де соңғы сөзін айтқан жоқ деген ойдамын», - деді Аян Төлеген.

Былғары қолғар шеберінің өзі де бұл мәліметті растағандай болды. Әлеуметтік желіде ол: «Жаңа кезең» деп әуежайдан жазба жариялады.

Еске салайық, былтыр да аса ауыр салмақтағы боксшы кәсіпқой рингке ауысу жоспары бар екенін айтқан болатын. Оның сөзінше, Англия мен АҚШ-тағы промоутерлерден ұсыныстар түскен.

«Англиядан, АҚШ-тан ұсыныстар түсті, қазір соны талқылап жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер, жас ұлғайған сайын беделді ұйымдардың қызығушылығы азая түседі. Соған қарамастан, осы бағытта жүйелі жұмыс істейтін ұйымдармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деген еді Қоңқабаев.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам