Қазақстан ерлер құрамасының боксшылары алғашқы қарсыластарын білді.
Моңғолияның Ұлан-Батор қаласында өтетін бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатына жеребе тарту рәсімі аяқталды. Аталған турнир World Boxing ұйымының қолдауымен ұйымдастырылуда.
Қазақстан ерлер құрамасының боксшылары алғашқы қарсыластарын білді.
50 келі салмақта Санжар Ташкенбай ширек финалда қырғызстандық Бекзат Ергешов пен үндістандық Вишванат Суреш жұбының жеңімпазымен кездеседі.
55 келіде Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегін иорданиялық Махди Альмасалех пен өзбекстандық Шахзод Мұзафаров арасындағы кездесудің жеңімпазына қарсы өткізеді.
60 келіде Оразбек Асылқұлов 1/8 финалда филиппиндік Пауль Юлифер Басконмен жұдырықтасады.
65 келі салмақта Ертуған Зейнулинов қытайлық Тайбэй өкілі Ю Линге қарсы шығады.
70 келіде Төрехан Сабырхан ширек финалда кореялық Ким Юн Су мен тәжікстандық Шамшер Саидов арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.
75 келіде Сабыржан Аққалыков жапониялық Яги Талгамен қолғап түйістіреді.
80 келіде Ерасыл Жакпеков қырғызстандық Сағын Сатыбалды мен өзбекстандық Фазлиддин Эркинбоев жұбының жеңімпазымен жұдырықтасады.
85 келіде Нұрбек Оралбай жарысты жартылай финалдан бастайды. Ол моңғолиялық Барлаахан Дору мен иорданиялық Мұхаммад Сүлейман арасындағы жеңімпазбен кездеседі. Осылайша, Оралбай кемінде қола жүлдені алдын ала қамтамасыз етті.
90 келіде Сағындык Тоғамбай қытайлық Хан Сюэчжэньге қарсы шаршы алаңға шығады.
90 келіден жоғары салмақта Айбек Оралбай моңғолиялық Бекнур Кали мен өзбекстандық Арман Маханов арасындағы кездесудің жеңімпазымен жұдырықтасады.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 2026 жылдың 28 наурызы мен 11 сәуірі аралығында өтеді. Турнирге Қазақстан құрамасы толық құрамда қатысады.