Кездесу мамырда өтеді.
Кәсіпқой бокстан жартылай ауыр салмақта WBA, WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Дмитрий Бивол Екатеринбургте өтетін RCC турнирінде неміс боксшысы Михаэль Эйфертпен титулдық жекпе-жекке шығады.
Аталған кездесу Екатеринбург қаласындағы «УГМК-Аренада» 30 мамыр күні өтеді. 35 жастағы Бивол үшін бұл 2025 жылдың ақпанында Артур Бетербиевпен өткен реванштан кейінгі алғашқы айқас болмақ. Ресейлік боксшы сол жекпе-жекте жеңіске жеткен еді.
Қазір Биволдың еншісінде 24 жеңіс (12-сі нокаутпен) пен бір жеңіліс бар. Ол 2024 жылдың қазанында отандасы Бетербиевке төрешілер шешімі бойынша есе жіберген еді.
Ал оның германиялық қарсыласы, 28 жастағы Эйферттің еншісінде 13 жеңіс және бір жеңіліс бар. Ол Биволға тиесілі IBF белбеуінің міндеттелген үміткері болып саналады.