Оның келесі қарсыласы әлі белгілі болған жоқ
Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақ боксшысы Оразбек Асылқұлов (60 кг) жартылай финалға алғашқылардың бірі болып жолдама алды.
Ширек финалда отанласымыз жапон боксшысы Шунсукэ Китамотомен жұдырықтасуы тиіс болған. Алайда, ол жарақатына байланысты рингке шығудан бас тартқан. Осылайша, Асылқұлов Қазақстан қоржынына кемі қола жүлде салып отыр.
Еске салайық, Ұлан-Батордағы Азия чемпионаты 30 наурызда басталып, 10 сәуірде мәресіне жетеді. Құрлық біріншілігін World Boxing ұйымы ұйымдастырып отыр. Жарысқа барлығы 115 – ер және 79 қыз боксшы қатысуда.