ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатын жеңіліспен аяқтады

04.04.2026, 10:31

Бұған дейін Оразбек Асылқұлов жартылай финал жолдамасына ие болған еді

Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатын жеңіліспен аяқтады
Қазақстан бокс федерациясы

Ұлан-Баторда (Моңғолия) өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында 50 келіде өнер көрсеткен Санжар Тәшкенбай жартылай финалға шыға алмады.

Ширек финалда қазақ боксшысы Үндістаннан келген Вишванат Сурешпен жұдырықтасқан болатын. Төрешілер 5:0 есебімен жеңісті үнді спортшысына берді.

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай 2022 жылы Азия чемпионы атанған. Сондай-ақ, 2023 және 2025 жылдары әлем чемпионатында топ жарды. Бұл жолы ол елге медальсыз оралмақ.

Ал, Қазақстан ерлер құрамасы сапынан әзірге тек Оразбек Асылқұлов (60 кг) қана жартылай финалға жолдама алды. Ағайынды Сабырхандар мен Оралбайлар жартылай финал жолдамасын енді сарапқа салады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам