Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионатында кемі қола жүлдені қамтамасыз етті

04.04.2026, 12:08

Кездесу барысында қазақстандық спортшы басымдық танытып, шабуылды жиі өзі бастап отырды

Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионатында кемі қола жүлдені қамтамасыз етті
Қазақстан бокс федерациясы

Моңғолия астанасы Ұланбатырда өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Ертуған Зейнуллинов жартылай финалға шығып, кемі қола медальға қол жеткізді.

Қазақстандық боксшы ширек финалда Қырғызстан өкілі Мирзохид Имамназаровпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті  3:2 есебімен Ертуған Зейнуллиновке берді. 

Кездесу барысында қазақстандық спортшы басымдық танытып, шабуылды жиі өзі бастап отырды. Ол қарсыласының бұрыштарын шебер жауып, дәл соққыларымен ерекшеленді. Әсіресе, қосарланған джебтері, қапталға жылжуы және денеге бағыттаған сол қолмен соққылары нәтижесін берді.

Осылайша, Ертуған Зейнуллинов турнирдің жартылай финалына жолдама алып, өзіне кем дегенде қола жүлдені кепілдеді. Ал қырғызстандық Мирзохид Имамназаров жарысты жүлдесіз аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін 1/8 финалда Ертуған Тайвань боксшысы Ю Линьді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген болатын.

Ұланбатырдағы Азия чемпионаты 10 сәуірде аяқталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам