Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қазақстанның Азия чемпионатының финалына алғашқы боксшысы анықталды

Бүгін, 10:58

Төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық спортшыға берді – 5:0

Қазақстанның Азия чемпионатының финалына алғашқы боксшысы анықталды
Бокс федерациясы

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымы аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Бақыт Сейдіш (70 келі) финалға жолдама алды.

Ел құрамасынан алғашқы болып шаршы алаңға шыққан Бақыт Сейдіш қытайлық Алимире Абудурейимумен қолғап түйістірді. Қарсыласы осал емес – ол 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы.

Жекпе-жектің бірінші раундынан бастап отандасымыз рингтің ортасын толық бақылауға алып, қарсыласының әр әрекетіне дәл жауап беріп отырды. Кейінгі раундтарда қытайлық боксшы шабуылды күшейткеніне қарамастан, Бақыт қарсы шабуылда тиімді өнер көрсетті.

Қорытындысында төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандық спортшыға берді – 5:0. Осылайша, Бақыт Сейдіш турнирдің финалына шықты.

Бүгін шаршы алаңға Қазақстан құрамасынан тағы алты боксшы шығады. Атап айтқанда, Валентина Хальзова (75 келі) қытайлық Цзыи Баомен, Махмұд Сабырхан (55 келі) моңғолиялық Хархуу Билгуунсайханмен, Надежда Рябец (80 келі) үндістандық Пуджа Ранимен, Дина Исламбекова (+80 келі) өзбекстандық Олтиной Сотимбоевамен, Ертуған Зейнуллинов (65 келі) таиландтық Бунджонг Синсиримен кездеседі.

Күннің соңғы жекпе-жегінде Төрехан Сабырхан (70 келі) қытайлық Пейчен Ванға қарсы шығады.

Сондай-ақ ерлер құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), Айбек Оралбай (+90 келі), ал әйелдер құрамасынан Айгерім Сәттібаева (48 келі) жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

Айта кетейік, құрлықтық додада Қазақстан құрамасынан барлығы 13 боксшы жарысты жалғастыруда.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам