«Қытайлық қарсыласын нокаутпен жеңді». Төрехан Сабырхан финалда

Telegram WhatsApp

Азия чемпионатының ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектері 9 және 10 сәуір күндеріне жоспарланған.

Бокс федерациясы
Бокс федерациясы

Моңғолия астанасы Ұланбатырда өтіп жатқан бокстан 2026 жылғы Азия чемпионатында қазақстандық Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) финалға жолдама алды. 6 сәуір күні өткен жартылай финалда ол Қытай өкілі Ван Пэйчэнмен кездесіп, қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді. Екінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатып, отандасымыздың техникалық нокаутпен жеңгенін тіркеді.

Осылайша, Төрехан Сабырхан құрлық біріншілігінің финалында алтын медаль үшін бақ сынайды. Азия чемпионатының ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектері 9 және 10 сәуір күндеріне жоспарланған.

Төрехан Сабырхан бұған дейін жарысты ширек финалдан бастап, Тәжікстан өкілі Шамшер Саидовты 4:1 есебімен жеңген болатын. Сол жеңістің арқасында кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз еткен еді.

Қазақстан құрамасы бұл Азия чемпионатында жалпы 13 жүлдені қамтамасыз етті. Ерлер арасында Махмұд Сабырхан, Оразбек Асылқұлов, Ертуған Зейнуллинов, Төрехан Сабырхан, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Сағындық Тоғамбай және Айбек Оралбай жартылай финалға шықса, әйелдер арасында Айгерім Сәттібаева, Бақыт Сейдіш, Валентина Хальзова, Надежда Рябец және Дина Исламбекова жартылай финалда бақ сынады.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан 2025 жылы Англияның Ливерпуль қаласында өткен World Boxing аясындағы ересектер арасындағы әлем чемпионатында топ жарған. Төрехан Сабырхан 2006 жылғы 13 ақпанда дүниеге келген.

 

Пікірлер

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 53 928 Shorts “Арыс” жеңіліп бастағанда жанашыр болып жүргеннің бәрі жоқ болып кетті 132 Shorts Абу-Дабидегі қоңыраудан бірінші лигаға дейін: "Арыс" қалай өзін сақтап қалды? 124 Shorts “Арыс” Түркістан облысынан Шымкент қаласына көшеді 502 Shorts “Арыстың” бюджеті небәрі 100 млн теңге. Оның 22 миллионын взносқа төлейсің 257 Shorts Бір ғана Нанидің келуі – “Арыс” балаларына үлкен мотивация сыйлап кетті 138 Shorts “Арыс” жас футболшыларға мүмкіндік бергең соң көбірек жеңіске жете бастады 126 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 620 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 394 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 547 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 590 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 301
#
Команда
Ұпай
1
Реал Мадрид
15
2
Пари Сен-Жермен
13
3
Комо
12
4
Барселона
12
5
Ливерпуль
12
6
Бетис
12
7
Арсенал
11
8
Манчестер Сити
10
9
Спортинг (Лиссабон)
10
10
Боруссия (Дортмунд)
10
11
Астон Вилла
9
12
Интер
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›