Әлемдегі сексуальный футболшы қыздар. Жаңа шығарылым!

«Алыптар айқасы»: Жәнібек Әлімханұлы ешкімнен жеңілмеген мексикалық чемпионмен жұдырықтасуы мүмкін

22.10.2023, 01:15

Жерлесіміз абсолютті чемпион болуды көздейді

«Алыптар айқасы»: Жәнібек Әлімханұлы ешкімнен жеңілмеген мексикалық чемпионмен жұдырықтасуы мүмкін
Instagram/janibek_alimkhanuly

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Хайме Мунгиямен жұдырықтасуы мүмкін. Бұл туралы Жәнібектің бапкері Брайан Вилория Sirius XM тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Мунгия алғашқы орта салмақта WBO нұсқасында әлем чемпионы. Ол кәсіпқой бокста 42 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

«Бізде Хайме Мунгиямен спарринг өткізетін мүмкіндік болды. Бірақ, менің ойымша алдағы уақытта екеунің арасында супер жекпе-жек болуы мүмкін. Маған Фредди Роуч хабарласып, Жәнібекті спаррингке алып кел деп ұсыныс айтты. Мен менеджментпен ақылдасуым керек екенін, олардың пікірі маңызды екенін түсіндірдім. Біздің команданың менеджменті де спаррингтен бас тартты, оданша шынайы жекпе-жекте кездессін деді. Мен одан кейін Роучқа хабарласып, осы жайтты айттым», - деді Вилория.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы өткен аптада АҚШ-та неміс боксшысы Винченцо Гуальтьеримен кездесіп, алтыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл жекпе-жекте ол өзінің WBO белбеуін қорғап, қарсыласының IBF титулын өз қанжығасына байлады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам