Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Қамшыбек Қоңқабаев күтпеген мәлімдеме жасады

Бүгін, 09:59

Қамшыбек Қоңқабаевтың жекпе-жегі өтпейтін болды

Қамшыбек Қоңқабаев күтпеген мәлімдеме жасады
ҰОК

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев 9 мамыр күні Черногорияда өтуі тиіс жекпе-жегінің өтпейтінін мәлімдеді.

Аса ауыр салмақтағы кездесу алты раундқа жоспарланған еді. Қоңқабаевтың қарсыласы 48 жастағы венесуэлалық Йонни Молина (15-15-1, 9 KO) болуы керек болатын.

"Құрметті жанкүйерлер. Өкінішке орай Черногориядағы жекпе-жегім болмайтын болды. Бірақ бұл — спортта болатын жағдай. Біз үшін ең маңыздысы — тоқтамау. Дайындық жалғасуда. Шаршы алаңға шығып, сіздерді жеңіспен қуанту үшін бар күшімізді саламыз. Қолдау көрсетіп жүрген баршаңызға үлкен рақмет!
Бәрі Алланың қалауымен. Алға!”, – деп жазды боксшы.

Бұған дейін қазақстандық боксшы сәуір айының басында Ұлыбританияның Лондон қаласына барып, жекпе-жекке дайындықты бастаған еді. Сондай-ақ ол 24 мамыр күні Англияның Болтон қаласында өтетін бокс кешінде де шаршы алаңға шығуды жоспарлаған.

Қамшыбек Қоңқабаев — Токио Олимпиадасының қола жүлдегері. Сонымен қатар ол әлем чемпионаттарында екі мәрте күміс медаль иеленсе (2017, 2019), Азия чемпионаттарында төрт рет финалға дейін жеткен (2017, 2019, 2021, 2022).

Ол кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың 25 наурызында Алматыда өткізді. Сол кездесуде ол өзбекстандық Фаррух Джураевты екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам