Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Данияр Елеусінов WBC рейтингінен шығып қалды

Бүгін, 14:22

Бұған дейін ол 37-орында тұрған еді

Данияр Елеусінов WBC рейтингінен шығып қалды
Getty sport

Бүкіләлемдік бокс кеңесі - World Boxing Council (WBC) барлық салмақ дәрежесі бойынша жаңартылған рейтингін жариялады. Жаңа тізімде қазақстандық боксшылардың да орны белгілі болды.

Орта салмақта қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингіндегі көшбасшылық позициясын сақтап қалды. Бұл дивизионның толыққанды чемпионы - доминикалық Карлос Адамес. Ал екінші орын кубалық Йоэнлис Эрнандеске тиесілі болса, үздік үштікті франциялық Билал Джкиту түйіндеп тұр.

Ал жартылай орта салмақта өнер көрсететін Данияр Елеусінов WBC рейтингінен тыс қалды. Бұған дейін ол аталған дивизионда 37-орында тұрған еді.

Екінші жартылай жеңіл салмақтағы тағы бір қазақстандық Бекман Сойлыбаев рейтингте төмендеп, 34-сатыдан 38-орынға сырғыды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам