Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Баходир Жалолов жанкүйерлер алдында ашық жаттығу өткізді (ВИДЕО)

Бүгін, 17:20

Ол хорват боксшысымен шаршы алаңға шығады

Баходир Жалолов жанкүйерлер алдында ашық жаттығу өткізді (ВИДЕО)
Турар Казангапов/Vesti.kz

Өзбекстанның даңқты боксшысы, аса ауыр салмақта өнер көрсететін Баходир Жалолов (16-0, 14 КО) кезекті жекпе-жегінің алдында ашық жаттығу өткізді.

Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы кәсіпқой бокстағы жорығын жалғастыруда. 9 мамырда ол Манчестерде (Англия) хорват боксшысы Агрон Смакичимен (21-3, 19 КО) жұдырықтасады. Аталған бокс кешінің басты оқиғасы Даниэль Дюбуа мен Фабио Уордли арасындағы айқас болмақ.

Осы жекпе-жегінің алдында Жалолов Манчестер көшелерінің біріне шығып, ашық аспан астында жаттығу жасады.

Еске салайық, өзбек боксшысы соңғы рет рингке 2025 жылдың қарашасында Ташкентте шыққан болатын. Ол кезде Жалолов нигериялық Соломон Адебайоны нокаутпен жеңген еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам