Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Батыр Жүкембаев Ташкенттегі жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Бүгін, 11:11

Ол Шохжахон Эргашевпен қолғап түйістіреді

Батыр Жүкембаев Ташкенттегі жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады
әлеуметтік желі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев Ташкентте өтетін жекпе-жек алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады.

Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз 6 маусым күні Өзбекстан астанасындағы «Хумо Аренада» жергілікті боксшы Шохжахон Эргашевпен қолғап түйістіреді.

Алдағы айқас қарсаңында Жүкембаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында өз мәлімдемесін жариялады.

«Ташкент, дайындал! Мен рингке өзімнің мықты екенімді дәлелдеуге шығамын», – деп жазды қазақстандық боксшы.

Айта кетейік, бастапқыда Жүкембаев пен Эргашев арасындағы кездесу 9 мамырға жоспарланған болатын. Кейін ұйымдастырушылар жекпе-жек күнін шамамен бір айға кейінге шегерді.

Батыр Жүкембаев соңғы кездесуін 2025 жылдың сәуір айында Астанада өткізді. Сол кеште ол британиялық Кейн Гарднерді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді.

Кәсіпқой рингте қазақстандық боксшы бүгінге дейін 25 жекпе-жек өткізіп, оның 24-інде жеңіске жетті. 17 қарсыласын нокаутпен ұтқан. Сондай-ақ ол әр жылдары IBF Inter-Continental, IBO International, WBA Continental Americas және WBC Continental Americas белбеулерінің иегері атанған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам