Әлімханұлы мен Нұрмағанбет рингте күш сынасты
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желіде жаңа видео жариялап, жанкүйерлерінің қызығушылығын тудырды.
Боксшы өзінің Instagram парақшасында отандасы Бек Нұрмағанбетпен өткізген спаррингтен үзінділермен бөлісті. Әлімханұлы «Бұл да қазақ стилі» деп жазба қалдырған.
Айта кетейік, Бек Нұрмағанбет қазіргі таңда әлемдік бокстың ең ірі жұлдыздарының бірі Сауль «Канело» Альварестің командасында дайындалып жүр. Ал Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингтегі ең мықты қазақстандық боксшылардың бірі саналады.
Қос спортшының бір рингтегі жаттығуы қазақ боксының әлеуетін тағы бір мәрте көрсетіп, жанкүйерлер арасында қызу талқыға түсті.