Грек-рим күресінен Исхар Курбаев жартылай финалда бақ сынайды

Спортшы 55 келіге дейінгі салмақта молдовалық Артем Делеанумен күресті

ҰОК
ҰОК

Қазақстандық балуан Исхар Курбаев Астанада өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен жартылай финалға өтті.

Отандық спортшы 55 келіге дейінгі салмақта молдовалық Артем Делеанумен күресті.

Кездесуде Исхар Курбаев 5:1 есебімен жеңіске жетті. Енді ол финалға шығу үшін бақ сынайды.

Айта кетейік, бұған дейін Айдос Сұлтанғали (60 келі) жартылай финалға өткен еді.

Жартылай финалдық белдесулер бүгін, 24 қазанда Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам