Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Айбек Оралбай алғашқы кездесуінде АҚШ боксшысын жеңді

Бүгін, 10:14

Қазақстан құрамасының 5 өкілі келесі кезеңге өтті

Айбек Оралбай алғашқы кездесуінде АҚШ боксшысын жеңді
ҰОК

15 маусымда Қытайдың Гуйян қаласында World Boxing ұйымының аясындағы бокстан Әлем кубогының екінші кезеңі басталды.

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан құрамасының алты өкілі шаршы алаңға шықты.

Серік Теміржанов (60 келіге дейін) алғашқы кездесуінде Германия өкілі Денис Брильден басым түсті. Сондай-ақ Сабыржан Аққалықов (80 келіге дейін) Қытай боксшысы Ван Сяобаоны жеңіп, келесі айналымға сенімді түрде жолдама алды.

2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай (90 келіге дейін) Оңтүстік Корея өкілі Ким Гичэні үш рет нокдаунға түсірді. Екінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. Ал 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Айбек Оралбай алғашқы кездесуінде АҚШ өкілі Наджай Райтты жеңді.

Әйелдер арасында Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) Ирландия боксшысы Клиона Дарсиді мерзімінен бұрын жеңді. Ал Наталья Богданова (75 келіге дейін) Қытай спортшысы Бао Цзыиге есе жіберіп, Әлем кубогы кезеңіндегі жарысын аяқтады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам