Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Александр Усик чемпиондық белбеулерінен бас тартты

Бүгін, 09:38

39 жастағы боксшы IBO, WBA және WBC белбеулерінің иегері болған

Александр Усик чемпиондық белбеулерінен бас тартты
EPA

Украиналық боксшы Александр Усик әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасап, өзіне тиесілі әлем чемпионы атақтарынан бас тартатынын жариялады.

39 жастағы былғары қолғап шебері ауыр салмақтағы IBO, WBA және WBC нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулердің иегері болған. Ол WBA және WBC титулдарын биыл мамыр айында нидерландтық Рико Верхувенді техникалық нокаутпен жеңіп, сәтті қорғаған еді.

Еске салсақ, Усик 2025 жылдың шілдесінде екінші рет ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанған болатын. Алайда сол жылдың қараша айында WBO белбеуінен бас тартса, енді қалған чемпиондық титулдарын да босатуға шешім қабылдады.

«Рейтингте тұрған жігіттер чемпиондық белбеулер үшін жұдырықтассын. Мен белбеулерден бас тартамын, бірақ спорттан кетпеймін. Алда менің соңғы жекпе-жегім болады. Барлық ұйымдарға құрмет білдіремін және қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтамын», – деді Усик.

Боксшы бұл шешімін жан-жақты ойластырылған қадам деп атап, оның жаңа буын спортшыларға мүмкіндік беретінін айтты.

Кәсіпқой рингте Александр Усик 25 жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен. Оның 16 жеңісі нокаутпен аяқталған. Сонымен қатар ол бірінші ауыр салмақта да абсолютті әлем чемпионы атанған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам