Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Бек Нұрмағанбет ресейлік боксшымен айқасады

29.06.2026, 20:56

Бек Нұрмағанбеттің келесі қарсыласы анықталды

Бек Нұрмағанбет ресейлік боксшымен айқасады
Әлеуметтік желі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бек Нұрмағанбет (15-0, 13 KO) келесі қарсыласының есімін білді.

Жеңілістің ащы дәмін татпаған отандасымыз 25 шілде күні Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде ресейлік Артыш Лопсанмен (14-3-2, 9 KO) қолғап түйістіреді.

Бек Нұрмағанбет соңғы рет былтыр қыркүйек айында шаршы алаңға шығып, америкалық Стивен Самптерді (11-2-1, 9 KO) мерзімінен бұрын жеңген болатын. Осылайша қазақстандық кәсіпқой бокстағы жеңіс сериясын 15 жекпе-жекке дейін жеткізді.

Ал Артыш Лопсан соңғы кездесуін биыл қаңтар айында өткізіп, отандасы Чеэрав Ашалаевқа (2-0) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен есе жіберді.

Лопсан кәсіпқой мансабын 2019 жылы бастаса, Нұрмағанбет 2020 жылдан бері кәсіби рингте өнер көрсетіп келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам