Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Өзбектің танымал боксшы өзінің басты қарсыласы деп Айбек Оралбайды атады

02.07.2026, 16:57

Айбек пен Жаһонгир осыған дейін үш рет өзара кездесіп үлгерген

Өзбектің танымал боксшы өзінің басты қарсыласы деп Айбек Оралбайды атады
IBA

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін өзбекстандық Жаһонгир Зокиров алдағы Азия ойындарына дайындалып жатыр. Кәсіпқой бокста біраз бағын сынаған спортшы әуесқойға оралып, өзінің басты қарсыластарын атады.

Танымал боксшы Өзбекстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сұхбат берген. Онда ол құрлық додасына дайындығы туралы және қарсыластары жайында сөз қозғаған.

«Кәсіпқой мен әуесқой боткстың айырмашылығы өте көп. Бірақ, Азия ойындары басталғанға дейін мен қалыпқа келіп үлгеремін. Ол жақтағы басты қарсыластарым деп Айбек Оралбайды, Давид Чалоянды, Дамар Томасты және бразилиялық Жоэль Рамосты айтар едім», - деді сұхбат барысында Зокиров.

Айта кету керек, Айбек пен Жаһонгир осыған дейін үш рет өзара кездесіп үлгерген. Оның екеуінде қазақ боксшысы жеңіске жетсе, бірінде Зокировтың мерейі үстем болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам