Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Мейірім Нұрсұлтановқа қарсылас табылды, ол тамызда рингке шығуы мүмкін

Бүгін, 11:10
Мейірім Нұрсұлтановқа қарсылас табылды, ол тамызда рингке шығуы мүмкін
Brickhouse Boxing Club

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) биыл тамызда рингке оралуы мүмкін. Қарсыласы – WBC белбеуінің уақытша иегері кіші Хесус Рамос (24-1, 19 КО) болады деп мәлімдеді америкалық инсайдер Буг Уильямс. 

Айта кетейік, тамызда Роландо Ромеро мен Теофимо Лопес арасында чемпиондық жекпе-жек өтеді. Мейірім осы бокс кешінің андеркартында өнер көрсетуі мүмкін.

Бұған дейін белгілі болғаны, WBA тұжырымының суперчемпионы Роландо Ромеро (17-2, 13 КО) 22 тамызда титулын қорғау үшін Теофимо Лопеспен (22-2, 13 КО) рингке шығады.

«Менің бұл жекпе-жектің андеркартына болжамым мынадай:

  • Хесус Рамос пен Мейірім Нұрсұлтанов;
  • Бахрам Муртазалиев пен Брэндон Адамс.

Эгис Климас Бахрамның және Мейірімнің жұмысын жүргізіп келеді», - деп жазды Буг Уильямс өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, бұған дейін Мейірімнің ағасы Мерей Ақшалов «Бірінші бол» YouTube-каналында қонақта болып, оның чемпиондық титул үшін жұдырықтасуға дайындалып жатқанын айтқан еді. Қазақ боксшысы WBC тұжырымында орта салмақта рейтингтің бірінші сатысында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам