ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Қазақ боксшысы Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері атанды

09.08.2026, 18:09

Салтанат Меденова Омбы қаласында дүниеге келген

Қазақ боксшысы Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері атанды
instagram.com/medenova_s1

Этникалық қазақ, ресейлік боксшы Салтанат Меденоваға Ресейдің «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді. Бұл туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Салтанат Меденова Омбы қаласында дүниеге келген. Ресей құрамасының сапында өнер көрсетеді. Ұлты – қазақ, Орта жүздің Қыпшақ руынан. 2025 жылдың наурыз айында ол 81 келіге дейінгі салмақта IBA әлем чемпионы атанды. Ал 2026 жылдың сәуірінде Салтанат Меденова Ресейдің «Отан алдындағы еңбегі үшін» II дәрежелі орденімен марапатталды.

Меденова Instagram-да Ресей Федерациясының Спорт министрлігі берген куәлігін жариялады. Құжатта оған аталған спорттық атақ 2025 жылғы 24 қазандағы бұйрық негізінде берілгені көрсетілген.

Сонымен қатар боксшының жеке бапкері Сергей Земцов та «Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағына ие болды. Ресей бокс федерациясының мәліметінше, маман бұл марапатқа Меденованы әлем чемпионы деңгейіне жеткізгені үшін лайық деп танылған.

Салтанат Меденова жаңа атақтың өзіне және бапкеріне үлкен еңбекпен келгенін атап өтті.

«Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері» және «Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы» деген атақтарды ресми түрде алдық. Осындай сәттерде осы уақытқа дейін қандай үлкен жолдан өткенімізді ерекше сезінеді екенсің. Кеше ғана осыны армандап, қол жетпестей көрінген мақсаттар қойып жүргендей едік», – деп жазды боксшы.

Меденова спорттағы жолында жеңілістер мен күмәнді сәттер болғанын да жасырмады. Соған қарамастан, команда қиындықтарға мойымай, алға қойған мақсаттарына қарай бірге қадам басқанын айтты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам