Жаңа шығарылым! Англия жеңіледі. Саутгейт ақымақ адам!

Ангелина Лукас салмақ өлшеу рәсіміне ерекше стильде келді

28.02.2024, 14:02

Оның стилін желі қолданушылары жоғары бағалады

Ангелина Лукас салмақ өлшеу рәсіміне ерекше стильде келді
instagram.com/angelina_lukas1997/

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас Таиландта өтетін жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Бұл туралы спортшының өзі Instagram-парақшасында жазды мәлімдеді.

«Құрметті қазақстандықтар! Бангкок қаласында жеңіл салмақтағы жекпе-жек алдында қарсыласыммен бірге салмақ өлшеуден өттім. The Rising Stars секілді ірі бокс кешінде сынға түсу арманым еді. Бұл шоуға әлемнің түкпір-түкпірінен кәсіпқой бокс жұлдыздары келіп, сынға түседі. Аталған кеште мен өз елімнің атынан сынға түсетін алғашқы кәсіпқой боксшы болып отырмын. Ертең жауапты жекпе-жекке шығамын. Сәттілік тілеп қойыңыздар», - деп жазды боксшы.

Ангелина Лукас қаңтар айының соңында Бакуде жекпе-жек өткізген болатын. Ол сол жолы Пәкістан өкілі Рома Юсафпен жұдырықтасып, жеңген еді. 27 жасқа аяқ басқан қазақстандық спортшы бұл сынның салмақ өлшеу рәсіміне қазақтың ұлттық әшекейімен келіп, көпшіліктің сүйіспеншілігіне ие болған еді.

А.Лукас осыған дейін 7 кездесу өткізген. Оның алтауында жеңіске жетсе, біреуінде чилилік Даниэла Асенходан жеңілген болатын.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам