ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

IBA келесі әлем чемпионатында боксшыларға 10 млн доллар сыйақы береді

Бүгін, 17:15

2025 жылы Дубайда өткен IBA әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 8 миллион доллар болған

IBA келесі әлем чемпионатында боксшыларға 10 млн доллар сыйақы береді
Ресей бокс федерациясы

Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлев ұйымның келесі әлем чемпионаты 2029 жылы өтетінін және оның жүлде қоры 10 миллион доллардан асатынын мәлімдеді.

2025 жылы Дубайда өткен IBA әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 8 миллион доллар болған еді. Кремлевтің айтуынша, ұйым алдағы дүбірлі додада бұл соманы одан әрі арттыруды жоспарлап отыр.

«Біздің жоспарымыз бойынша IBA әлем чемпионаты төрт жылда бір рет өтеді. Келесі чемпионат 2029 жылға жоспарланған. Оның жүлде қоры өте қомақты болады — 10 миллион доллардан асады», – деді Кремлев.

Оның сөзінше, әлем чемпионаттарының арасындағы кезеңде IBA Әлем кубогы мен құрлықтық чемпионаттарды өткізуді жалғастырады.

Кремлев ұйымның басты мақсаты спортшыларға қаржылай мүмкіндік жасау екенін де атап өтті.

«Біз спортшыларымыздың турнирлерде табыс тауып, отбасын және болашағын қамтамасыз ете алғанын қалаймыз. Барлығымыз спортшылар үшін жұмыс істейміз, ал олар бізді нәтижелерімен қуантады», – деді IBA басшысы.

Айта кетейік, соңғы IBA әлем чемпионаты 2025 жылғы 2-13 желтоқсан аралығында Дубайда өтті. Ол кезде турнирдің жүлде қоры 8 миллион долларды құрады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам