Жаңа Подкаст! Қонақта Марат Достаев пен Алдияр Жапарханов

Ангелина Лукас әлі кәмелетке толмаған боксшыны нокаутпен жеңді (ВИДЕО)

29.02.2024, 20:08

17 жастағы бойжеткен кәсіпқой рингте 11 жекпе-жек өткізіп үлгерген

Ангелина Лукас әлі кәмелетке толмаған боксшыны нокаутпен жеңді (ВИДЕО)
Instagram

Аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Ангелина Лукас (6-1-0, 3 КО) Тайландта кезекті жекпе-жегін өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Оның қарсыласы небәрі 17 жастағы тай қызы Кадесара Джадпакди болды. Сегіз раундқа (әр раунд 2 минуттан) жоспарланған жекпе-жекті рефери төртінші раундта тоқтатты, тай боксшысы қарсыласының ауыр соққыларына төтеп бере алған жоқ.

Осылайша Ангелина Лукас кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне (төртеуі нокаутпен) қол жеткізіп отыр. Ал, Джадпакди болса төртінші рет жеңілді, оның еншісінде 7 жеңіс бар.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт